Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
13-бап. Демпингтік маржаны айқындау



Ст. 13 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мыналарды:

1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;

2) тауардың жеке мәмілелер бойынша қалыпты құнын тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен;

3) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын сатып алушыларға, өңірлерге немесе тауарды беру кезеңіне байланысты тауардың бағасында едәуір айырмашылықтар болған кезде тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.

2. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру сауда операциясының нақ сол бір сатысында және тауарды сатудың нақ сол бір мезгілде мүмкіндігіне қарай орын алған жағдайына қатысты жүзеге асырылады.

3. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде бағалардың салыстырмалығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, өнім берулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларының, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағалардың салыстырмалығына олардың әсер етуіне дәлелдемелер берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды есепке ала отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.

Тергеп-тексеруді жүргізетін орган көрсетілген айырмашылықтар ескерілген түзетулер бір-бірін қайталамайтындығына және экспорттық бағаны тауардың қалыпты құнымен салыстыру нәтижесін осылайша бұрмаламайтындығына көз жеткізеді. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.

4. Егер экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілелері болмаған не сауданың әдеттегі барысы кезінде ұқсас тауарды сату көлемінің төмен болуына байланысты немесе экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы ерекше жағдайға байланысты экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге импортталатын ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен (ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда) немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығасылар мен пайданы есепке ала отырып, оның шығарылатын еліндегі тауар өндірісінің шығасыларымен салыстырылады.

5. Егер тауар оның шығарылатын елі болып табылмайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталған жағдайда, мұндай тауардың экспорттық бағасы үшінші елдің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салғастырылады.

Тауардың экспорттық бағасы, егер осы тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үшінші ел арқылы қайта жөнелтілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы үшінші елде жүзеге асырылмайтын болса немесе онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығарылатын елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салғастырылуы мүмкін.

6. Егер тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салғастыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамы пайдаланыла отырып жүргізіледі.

Егер шетел валютасын сату тауарды тиісті экспорттық берумен тікелей байланысты болған және бір мерзімде жүзеге асырылған жағдайда, сол мерзімге валюта сату кезінде қолданылатын валюта бағамы пайдаланылады.

Тергеп-тексеруді жүргізетін орган валюта бағамдарының ауытқуын ескермейді және тергеп-тексеру барысында экспорттаушыларға тергеп-тексеру кезеңінде валюталар бағамдарының тұрақты өзгерістерін есепке ала отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік алпыс күн беріледі.

7. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтерді берген әрбір белгілі тауар экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.

8. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тауарды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр алуандығы себебі бойынша немесе қандай да бір басқа себеп бойынша әрбір белгілі тауар экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санын негізге ала отырып, жеке демпингтік маржаны айқындау шектеуін пайдалануы не тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігіндегі ақпарат бойынша статистикалық репрезентативті болып табылатын және тергеп-тексеру барысын бұзбай зерттелуі мүмкін, әрбір экспорттаушы үшінші елден тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.

Жеке демпингтік маржа айқындауды шектеу мақсатында мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылармен, өндірушілермен және импорттаушылармен консультациялар негізінде және олардың келісуімен тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүзеге асырады.

Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы тармаққа сәйкес шектеуді пайдаланса, ол шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен жеке қарау тергеп-тексеруді жүргізетін органның тиісті тергеп-тексеру жүргізу мерзімін бұзуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ оларды қарау үшін белгіленген мерзімде жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтер ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны да айқындайды.

Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеп-тексеруді жүргізетін орган қайтармауға тиіс.

9. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы баптың 8-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ тергеп-тексеру барысында бұл үшін белгіленген мерзімде қажетті мәліметтер ұсынған, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауға тиіс.

10. Егер тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылар немесе өндірушілер тергеп-тексеруді жүргізетін органға сұратылған ақпаратты талап етілген түрде және белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе олар ұсынған ақпарат тексеруге келмесе не шындыққа сәйкес келмесе, тергеп-тексеруді жүргізетін орган өз иелігіндегі басқа қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.

11. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген әрбір белгілі тауарды экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында айқындалған ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды барлық басқа экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...45 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ