Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
14-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау

1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тауардың қалыпты құнын экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушыларға тергеп-тексеру кезеңінде сату кезінде сауданың әдеттегі барысында экспорттаушы үшінші елдің кедендік аумағында пайдалану үшін ұқсас тауар бағаларының негізінде айқындайды. 

Қалыпты құнды айқындау мақсатында ұқсас тауарды экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушыларға сату кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі анықталған жағдайда, осындай тауардың бағалары есепке алынуы мүмкін. 

2. Экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар экспорты жалпы көлемінің кемінде бес пайызын құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті көлем ретінде қаралады. 

Сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың неғұрлым төмен көлемі, егер мұндай көлем сауданың әдеттегі барысында тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісінше салғастыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген дәлелдемелер болса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп есептеледі. 

3. Тергеп-тексеру кезеңі ішінде сатып алушыларға сатылған ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберінде оны сатып алушыларға әрбір жекелеген сату бойынша баға осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушыларға экпорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында сату кезіндегі тауардың бағасы болып табылады. 

4. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен бағалар бойынша экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында немесе экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге ұқсас тауарды сату, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай сату осы кезеңде барлық шығасыларды өтеуді қамтамасыз етпейтін айтарлықтай көлемде және бағалар бойынша тергеп-тексеру кезеңінде жүзеге асырылатынын анықтаған жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін. 

5. Егер ұқсас тауарды сату кезінде әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеп-тексеру кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеп-тексеру кезеңі ішіндегі барлық шығасыларды өтеуді қамтамасыз ететін баға ретінде қаралады. 

6. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен бағалар бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен болған немесе бағалар бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен болған, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде жиырма пайызын құраған жағдайда айтарлықтай көлемде жүзеге асырылуы мүмкін деп саналады. 

7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректердің экспорттаушы үшінші елдегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттары мен қағидаларына сәйкес келген және тауарды өндіруге және сатуға байланысты шығасылар толық көрсетілген жағдайда мұндай деректер негізінде есептеледі. 

8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган өндіріс шығасыларын әкімшілік, сауда және жалпы шығасыларды бөлу, атап айтқанда, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға капитал салуға және басқа да шығасыларын жабуға аударымдар белгілеуге қатысты шығасыларды мұндай бөлуді қолданған жағдайда, тауарды осы экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, бөлудің дұрыстығының өз иелігіндегі барлық дәлелдемелерін ескереді. 

9. Өндіріс шығасылары, әкімшілік, сауда және жалпы шығасылар өндірісті дамытуға байланысты біржолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын операциялардың тергеп-тексеру кезіндегі шығасыларға әсер ететін мән-жайлары ескеріле отырып түзетіледі. Мұндай түзетулер де өндірісті ұйымдастыру кезеңінің соңындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеп-тексеру кезеңінен асып кеткен жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың анағұрлым кейінгі кезеңіндегі шығасылар көрсетілуге тиіс. 

10. Әкімшілік, сауда және жалпы шығасылардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды өндіру және сату туралы беретін нақты деректері негізінде айқындалады. 

Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындау мүмкін болмаса, олар: 

1) экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында тауардың сол санатын өндіруге және сатуға байланысты тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сомалар; 

2) осындай тауарды басқа экспорттаушылар немесе өндірушілер экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында ұқсас тауарды өндіруге және сатуға байланысты алған және жұмсаған орташа өлшемді нақты сомалар; 

3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығындағы сол санаттағы тауарды сату кезінде, басқа экспорттаушылар немесе өндірушілер әдетте алатын пайдадан аспайтын жағдайда өзге де әдіс негізінде айқындалуы мүмкін. 

11. Ішкі нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы саудаға мемлекеттік монополия болатын экспорттаушы үшінші елден демпингтік импорт болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе лайықты үшінші елде есептелген ұқсас тауар құнының (көрсетілген экспорттаушы үшінші елмен тергеп-тексеру мақсаттарында салыстырылатын) не осындай үшінші елден экспортқа шығару кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде айқындалуы мүмкін. Егер осы тармаққа сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және пайданы ескере отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...45

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться