Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
15-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау



Ст. 15 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



1. Тауардың экспорттық бағасы тергеп-тексеру кезеңінде оны сату туралы деректердің негізінде айқындалады.

2. Демпингтiк импорттың нысанасы болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тергеп-тексеру жүргiзетiн органның тауарды экспорттаушы мен импорттаушы байланысты тұлғалар болып табылатындықтан (оның iшiнде олардың әрқайсысының үшiншi тұлғамен байланысына орай) осы тауардың экспорттық бағасы туралы мәлiметтердiң дұрыстығына негiздi күмәнi болған не осындай тауардың экспорттық бағасына қатысты уағдаласу нысанында шектеулi iскерлiк практика болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталған тауар тәуелсiз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағына сол импортталған түрiнде қайта сатылмаса, импортталған тауар тәуелсiз сатып алушыға бiрiншi рет қайта сатылатын баға негiзiнде немесе тергеп-тексеруді жүргiзетiн орган айқындайтын өзге де әдiспен есептелуi мүмкiн. Бұл ретте тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салғастыру мақсатында тауардың импорты мен оны қайта сату арасындағы кезеңде төленген шығыстар (оның iшiнде кедендiк баждар мен салықтар), сондай-ақ пайда да ескеріледі.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...45 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ