Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
18-бап. Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының баға міндеттемелерін қабылдауы

1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осы тауардың бағаларын қайта қарау немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оның қалыпты құнынан төмен бағалармен экспортталуын тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде (мүше мемлекеттерде экспорттаушымен байланысты тұлғалар болған кезде, бұл тұлғалардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган көрсетілген міндеттемелерді қабылдау демпингтік импорттан келтірілген залалды жояды және міндеттемелердің мақұлданғаны туралы шешім қабылданады деген қорытындыға келсе, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе демпингке қарсы бажды енгізбей, тергеп-тексеруді тоқтата тұрады немесе тоқтатады. 

Осы міндеттемелерге сәйкес тауар бағаларының деңгейі демпингтік маржаны жою үшін қажетті деңгейден жоғары болмауға тиіс. 

Тауар бағасының көтерілуі, егер мұндай көтерілу мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, демпингтік маржадан аз болуы мүмкін. 

2. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың болуы туралы алдын ала қорытындыға келмейінше, баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім қабылданбайды. 

3. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысы негізінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген баға міндеттемелерін мақұлдау туралы дайындалған ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі. 

4. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе ықтимал экспорттаушылардың көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша оларды мақұлдауға болмайтындығы туралы қорытындыға келген болса, қабылданбайды. 

Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүмкіндігінше экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдауға болмайды деп танылған себептерді хабарлайды және оларға осыған байланысты түсініктемелер беру мүмкіндігін ұсынады. 

Тергеп-тексеруді жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болуы үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрау салу жібереді. 

5. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оларды қабылдауды талап ете алмайды. 

6. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім қабылданған жағдайда, демпингке қарсы тергеп-тексеру тауарды экспорттаушының өтініші бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін. 

Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілмегені туралы қорытындыға келген жағдайда, көрсетілген қорытынды айтарлықтай дәрежеде осындай міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде баға міндеттемелерінің болуының нәтижесі болып табылған жағдайда, мұндай міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде, осы Заңның 20-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылданады. 

7. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін залалдың болуы туралы қорытындыға келген жағдайда, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелері олардың шарттарына және осы Заңның ережелеріне сәйкес қолданылуын жалғастырады. 

8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган баға міндеттемелері мақұлданған экспорттаушыдан бұлардың орындалуына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім сұратуға құқылы. 

Тергеп-тексеруді жүргізетін орган белгілеген мерзімде сұрау салынатын мәліметтерді бермеу, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының қабылданған баға міндеттемелерін бұзғаны болып саналады. 

9. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе кері қайтарып алған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы бажды (егер тергеп-тексеру әлі аяқталмаса) немесе демпингке қарсы бажды (тергеп-тексерудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы айғақтаса) енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады. 

Экспорттаушы қабылданған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты түсініктеме беруге мүмкіндік беріледі. 

10. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімде осы баптың 9-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала демпингке қарсы баж немесе демпингке қарсы баж мөлшерлемесі айқындалуға тиіс.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...45

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться