Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
23-бап. Субсидиялар



Ст. 23 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



Субсидияларға:

1) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін және экспорттаушы үшінші елдің аумағы шегінде көрсетілетін қаржылық жәрдемдесу, оның ішінде мынадай:

ақшаны (оның ішінде дотация, қарыз және акцияларды сатып алу түрінде) тікелей аудару немесе ақшаны (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелер;

экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын салықтардан немесе баждардан босату жағдайларын қоспағанда не осындай салықтарды немесе баждарды нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтаруды қоспағанда, экспорттаушы үшінші елдің кірісіне түсуге тиіс болатын (оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну жолымен) қаражатты есептен шығару не қаражатты алып қоюдан толық немесе ішінара бас тарту;

жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды не көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарларды не көрсетілетін қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;

тауарларды жеңілдікпен сатып алу нысанында;

2) субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін, экспорттаушы үшінші елден тауар экспортын ұлғайту немесе осы үшінші елге ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын тікелей немесе жанама нәтиже кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысаны жатады.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...45 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ