Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
24-бап. Экспорттаушы үшінші елдің субсидиясын ерекше субсидияға жатқызу қағидаттары



Ст. 24 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



1. Егер экспорттаушы үшінші елдің субсидиялаушы органы немесе заңнамасы субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдарға рұқсат беретін болса, экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше болып табылады, оларға экспорттаушы үшінші елдің нақты өндірушісі және (немесе) экспорттаушысы, не экономикасының нақты саласы, не экспорттаушы үшінші елдің өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобы (одағы, бірлестігі) не экономикасының салалары жатады.

Егер субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның юрисдикциясындағы белгілі бір географиялық өңірінде орналасқан ұйымдармен шектелсе, осы субсидия ерекше болып табылады.

2. Егер экспорттаушы үшінші елдің заңнамасы немесе субсидиялаушы орган субсидияны алуға сөзсіз құқық пен оның мөлшерін (оның ішінде өнім өндірумен айналысатын жұмыскерлер санына немесе өнім шығару көлеміне байланысты) айқындайтын жалпы объективті өлшемшарттарды не шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.

3. Кез келген жағдайда экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы, егер мұндай субсидияны ұсынуға:

1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;

2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықшылықпен пайдалануымен;

3) жекелеген ұйымдарға субсидияның пропорционалды емес үлкен сомасын ұсынумен;

4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (преференциялық) тәсілін таңдап алуымен қолдау білдірілсе, ол ерекше субсидия болып табылады.

4. Экспорттаушы үшінші елдің кез келген субсидиясы, егер:

1) экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес субсидия не жалғыз шарты немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса, ол ерекше субсидия болып табылады. Субсидия, егер оны беру экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидия беру фактісі осы тармақ мағынасындағы тауар экспортына байланысты субсидия беруді білдірмейді;

2) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не импорттық тауарлардың орнына экспорттаушы үшінші елде өндірілетін тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шартының біреуі ретінде нақты байланысқан болса, ол ерекше субсидия болып табылады.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...45 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ