Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
25-бап. Ерекше субсидияның мөлшерін айқындау қағидаттары



Ст. 25 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



1. Ерекше субсидия мөлшері мұндай субсидия алушы алатын пайданың мөлшері негізінде айқындалады.

2. Ерекше субсидия алушы алатын пайданың мөлшері мына қағидаттар негізінде айқындалады:

1) субсидиялаушы органның ұйымның жарғылық капиталына қатысуы, егер мұндай қатысу экспорттаушы үшінші елдің аумағындағы қалыпты инвестициялық практикаға (тәуекел капиталын ұсынуды қоса алғанда) сай келмейтін қатысу ретінде бағалануы мүмкін болмаса, пайданы беру ретінде қарастырылмайды;

2) егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы үшінші елдің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасында айырма жоқ болса, субсидиялаушы орган берген кредит пайданы беру ретінде қарастырылмайды, олай болмаған жағдайда, осы сомалардың арасындағы айырма пайда болып саналады;

3) егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым салыстырмалы коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлеуі мүмкін соманың арасында айырма жоқ болса, субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі пайданы беру ретінде қарастырылмайды, олай болмаған жағдайда, комиссиялық айырмада осы сомалардың арасындағы түзетуі бар айырма пайда болып саналады;

4) егер тек тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер барабар сыйақыдан кем берілсе не сатып алу кемінде барабар сыйақыдан асырып жүзеге асырылмаса, субсидиялаушы органның тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді беруі не тауарларды сатып алуы пайда беру ретінде қарастырылмайды. Сыйақының баламалылығы тауардың бағасын, сапасын, қолжетімділігін, өтімділігін, тасымалдануын және оны сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, осы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаушы үшінші елдің нарығында сатып алу мен сатудың сол кездегі нарықтық жағдайларына сүйене отырып айқындалады.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...45 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ