Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
29-бап. Өтемақы бажын енгізу және қолдану



Ст. 29 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



1. Егер экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы кері қайтарылып алынған болса, Комиссия өтемақы бажын енгізу туралы шешім қабылдамайды.

2. Комиссия өтемақы бажын қолдану туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның өтемақы бажын енгізу туралы дайындаған ұсынысын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.

3. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім ерекше субсидия беретін экспорттаушы үшінші елге консультациялар өткізу ұсынылып, бұл ел олардан бас тартқан немесе мұндай консультациялар өткізу барысында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмегеннен кейін қабылданады.

4. Өтемақы бажы барлық экспорттаушылар беретін тауарға қатысты (ерікті міндеттемелерін Комиссия мақұлдаған экспорттаушылар беретін тауарды қоспағанда) қолданылады және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылады.

Жекелеген экспорттаушылар беретін тауарларға қатысты Комиссия өтемақы бажы мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілеуі мүмкін.

5. Өтемақы бажының мөлшерлемесі субсидияланатын және эскпортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер субсидиялар түрлі субсидиялау бағдарламаларына сәйкес берілетін жағдайда, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.

Өтемақы бажының мөлшерлемесі, егер мұндай мөлшерлеме мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.

6. Өтемақы бажының мөлшерлемесін айқындаған кезде өтемақы бажын енгізу мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделеріне әсер етуі мүмкін олардың тұтынушыларының тергеп-тексеруді жүргізіп жатқан органға жазбаша түрде келіп түскен пікірлері ескеріледі.

7. Өтемақы бажы, егер тергеп-тексеруді жүргізетін органның тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы тауарға қатысты бір мезгілде:

1) кейіннен жойылуы қиынға соғатын залал салыстырмалы қысқа уақыт кезеңі ішінде едәуір өскен, ерекше субсидиялар төленетін немесе ұсынылатын тауар импортымен келтірілгені;

2) залалдың қайталануын болғызбау мақсатында осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген импортталатын тауарға қатысты өтемақы бажын қолдану қажет екендігі белгіленсе, алдын ала өтемақы бажы енгізілетін күнге дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын орналастыру шарты өтемақы бажын төлеу болып табылатын кедендік рәсімдер ретінде орналастырылған тауарларға қатысты өтемақы бажы қолданылуы мүмкін.

8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру басталған күннен кейін, осы баптың 7-тармағына сәйкес тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты өтемақы бажының қолданылуы мүмкін екендігі туралы ескертуді қамтитын хабарламаны Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында орналастырады.

Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шарттарды орындауға жеткілікті дәлелдемелері бар мүше мемлекеттердің экономика саласының сұрау салуы бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігінде осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган осындай хабарламаны орналастыру туралы шешім қабылдайды.

Осы бапта көрсетілген хабарлама орналастырылған күнге дейін өтемақы бажын төлеу орналастыру шарты болып табылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға қатысты өтемақы бажын қолдануға болмайды.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...45 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ