Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
31-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау



Ст. 31 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ




1. Өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын төлеуден немесе қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан жалтару үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.

2. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның өз бастамасы бойынша басталуы мүмкін.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініште:

1) өтемақы шарасын айналып өтудің;

2) өтемақы шарасының (оны айналып өту салдарының) мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар өндірісінің және (немесе) сатылуының көлеміне және (немесе) оның бағаларына әсер етуін бейтараптандырудың;

3) тауар (осындай тауардың құрамдас бөліктерін және (немесе) туындыларын) өндірушілерде және (немесе) экспорттаушыларда ерекше субсидияны беруден түсетін пайданың сақталатындығының дәлелдемелері қамтылуға тиіс.

4. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру кезеңіне Комиссия алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын, субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылған, экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарға және (немесе) өзге де экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған өтемақы бажын енгізуі мүмкін.

5. Егер осы бапқа сәйкес тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өтуді анықтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес және алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.

6. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту анықталған жағдайда, субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылған, өзге де экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылған, өзге де экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына өтемақы шарасы қолданылуы мүмкін. Комиссияның осы тармақта көрсетілген өтемақы шарасын енгізу туралы шешімі күшіне енген кезден бастап өтемақы баждарының, төленген өтемақы баждарының сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.

7. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап тоғыз ай ішінде аяқталуға тиіс. 
5-тарау. ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗУ


Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...45 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ