Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
32-бап. Тергеп-тексерулер жүргізу үшін негіздер

1. Тергеп-тексеру жүргізетін орган өскен импорттың болуын және одан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін анықтау мақсатындағы, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және одан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалды, оны келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуын анықтау мақсатындағы тергеп-тексеруді осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалардың жазбаша нысандағы өтініші негізінде не өз бастамасы бойынша жүргізеді. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті: 

1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі; 

2) қатысушылары қатарына өндіріс көлемінің едәуір бөлігін, бірақ мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндірудің жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын өндірушілер кіретін өндірушілер бірлестігі немесе осындай бірлестіктің уәкілетті өкілі береді. 

Осы тармақта көрсетілген өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің түпнұсқалары өтінішпен бірге тергеп-тексеруді жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған тиісінше ресімделген өкілеттіктері болуға тиіс. 

3. Мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес не ұқсас тауарды өндірушілердің өтінішті қолдау дәлелдемелері өтінішке қоса беріледі. Мыналар: 

1) өтініш берушімен бірге мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың едәуір бөлігін, бірақ, оны өндірудің жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын өндіретін мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды басқа да өндірушілердің өтінішке қосылуы туралы құжаттар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде); 

2) өтінішке қолдау білдірген, мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі өтінішке қатысты өз пікірін (қолдайтындығын немесе келіспейтіндігін) білдірген, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірушілердің өндіру көлемінің елу пайыздан астамын құрайды деген шартпен өтінішке қолдау білдірген, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірудің жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын құрайтындығын растайтын (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) құжаттар өтінішті қолдаудың жеткілікті дәлелдемелері болып танылады. 

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш: 

1) өтініш беруші туралы, тікелей өтініш берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде мүше мемлекеттер экономика саласының ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) сандық және құндық мәнде өндіру көлемі туралы, сондай-ақ өтінішті қолдаған мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндірушілердің сандық және құндық мәнде өндіру көлемі туралы және мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметтерді; 

2) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодын көрсете отырып, оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу ұсынылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың сипаттамасын; 

3) кедендік статистика деректері негізінде, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тауарды шығарған немесе жөнелткен экспорттаушы үшінші елдердің атауын; 

4) экспорттаушы үшінші елдегі осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тауардың белгілі өндірушілері және (немесе) экспорттаушылары және мүше мемлекеттердегі осы тауардың белгілі импорттаушылары мен негізгі белгілі тұтынушылары туралы мәліметтерді; 

5) оған қатысты алдыңғы кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу ұсынылатын тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтерді; 

6) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорты көлемінің алдыңғы кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күні репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі өзгеруі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. 

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар, өтініште ұсынылатын шараға қарай өтініш беруші: 

1) тауардың өскен импорты болуының дәлелдемелерін, тауардың өскен импортының салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалдың немесе оның тауардың өскен импорты салдарынан келтірілу қатері болуының дәлелдемелерін, арнайы қорғау шарасының мөлшері мен мұндай шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, осындай шараны енгізу туралы ұсынысты және өтініш беруші ұсынып отырған арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі ішінде мүше мемлекеттердің экономика саласын шетелдік бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде); 

2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе тауардың демпингтік импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтініш берілген кезде); 

3) экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының болуы және сипаттамасы және, егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметтерді, тауардың субсидияланатын импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) көрсетеді. 

6. Демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе оны келтіру қатерінің болуының дәлелдемелері (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) және мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелері (демпингке қарсы шараны немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берілген кезде) мүше мемлекеттер экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуге тиіс және алдыңғы кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге репрезентативтік статистикалық деректер (оның ішінде тауарды өндіру және оны өткізу көлемі, мүше мемлекеттер нарығындағы тауардың үлесі, тауарды өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндірістік қуаттар жүктемесінің дәрежесі, жұмыспен қамту, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндіріс рентабельділігі, мүше мемлекеттердің экономика саласына салынатын инвестициялардың көлемі туралы деректер) қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі сандық және (немесе) құндық көрсеткіштермен берілуге тиіс. 

7. Өтініште ұсынылған мәліметтер олардың алынған дереккөздеріне сілтемемен қоса берілуге тиіс. 

8. Өтініште қамтылған көрсеткіштерді көрсеткен кезде салғастыру мақсатында бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуға тиіс. 

9. Өтініште қамтылған мәліметтерді мұндай мәліметтерді берген өндірушілердің басшылары, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізуге жауапты қызметкерлері осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігінде куәландыруға тиіс. 

10. Өтініш оның құпия емес нұсқасын қоса бере отырып, (егер өтініште құпия ақпарат қамтылса) осы Заңның 33-бабының 24-тармағына сәйкес тергеп-тексеруді жүргізетін органға ұсынылады және өтініш осы органға түскен күні тіркелуге жатады. 

11. Өтініш тергеп-тексеруді жүргізетін органда тіркелген күн оны беру күні деп есептеледі. 

12. Арнайы қорғау шарасын, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш мынадай: 

1) өтініш берген кезде осы баптың 3 – 5-тармақтарында көрсетілген материалдарды ұсынбау; 

2) осы баптың 3 – 5-тармақтарында көзделген, өтініш беруші ұсынған материалдардың анық еместігі; 

3) өтініштің құпия емес нұсқасын ұсынбау негіздері бойынша қабылданбайды. 

Өтініштің өзге де негіздер бойынша қабылданбауына жол берілмейді.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...45

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться