Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
33-бап. Тергеп-тексерудің басталуы және оны жүргізу



Ст. 33 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ




1. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін осы Заңның 32-бабына сәйкес дайындалған демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініштің түскені туралы экспорттаушы үшінші елді жазбаша нысанда хабардар етеді.

2. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Заңның 32-бабының 3 – 5-тармақтарына сәйкес осы өтініште қамтылған дәлелдемелер мен мәліметтердің жеткіліктілігін және анықтығын зерделейді. Мұндай мерзім тергеп-тексеруді жүргізетін орган қосымша мәліметтер алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

3. Өтініш беруші тергеп-тексеру басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында өтінішті кері қайтарып алуы мүмкін.

Өтініш тергеп-тексеру басталғанға дейін кері қайтарып алынса, ол берілмеген болып есептеледі.

Егер өтініш тергеп-тексеруді жүргізу барысында кері қайтарып алынған жағдайда, тергеп-тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шаралары енгізілместен тоқтатылады.

4. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін өтініште қамтылған мәліметтер жария етуге жатпайды.

5. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін тергеп-тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданған кезде тергеп-тексеруді жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына, сондай-ақ өзіне мәлім мүдделі тұлғаларға қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруді бастау туралы хабарламаның Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

7. Тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаның Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында орналастырылған күні тергеп-тексеру басталған күн деп танылады.

8. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган, егер оның иелігінде өскен импорттың болуының және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе оны келтіру қатерінің не демпингтік немесе субсидияланатын импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуы болуының дәлелдемелері бар болған жағдайда ғана тергеп-тексеруді бастау туралы шешім (оның ішінде жеке бастама бойынша) қабылдауы мүмкін.

Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тергеп-тексеруді бастау мүмкін болмайды.

9. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Заңның 32-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен, демпингтік немесе субсидияланатын импортының және (немесе) осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе демпингтік немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуының немесе мүше мемлекеттер экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өскен импорттың салдарынан оны келтіру қатерінің болуын айғақтамайтындығы анықталса, тергеп-тексеру жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

10. Тергеп-тексеруді жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде, тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіні жазбаша нысанда тергеп-тексеру жүргізуден бас тарту себебі туралы хабардар етеді.

11. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеруге қатысуға өздерінің ниеті туралы жазбаша нысанда және осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш білдіруге құқылы. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тексеруге қатысу ниеті туралы өтінішті тіркеген күннен бастап олар тергеп-тексеруге қатысушылар болып танылады.

Өтініш беруші және мүше мемлекеттерде өтінішке қолдау білдірген өндірушілер тергеп-тексеру басталған күннен бастап тергеп-тексеруге қатысушылар болып танылады.

12. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеру барысын бұзбайтын мерзімде тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті мәліметтерді (оның ішінде құпия ақпаратты) осындай мәліметтер алынған дереккөзді көрсете отырып, ұсынуға құқылы.

13. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тергеп-тексеру мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.

Сұрау салулар мүше мемлекеттердегі өзге де ұйымдарға жіберілуі мүмкін.

Көрсетілген сұрау салуларды тергеп-тексеруді жүргізетін органның басшысы (басшының орынбасары) жібереді.

Сұрау салу мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне берілген кезден бастап не оны пошта байланысымен жөнелткен күннен бастап күнтізбелік жеті күн өткен соң мүдделі тұлға сұрау салуды алған болып есептеледі.

Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей тергеп-тексеруді жүргізетін органға берілуге тиіс.

Егер жауап тергеп-тексеруді жүргізетін органға осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей келіп түссе, тергеп-тексеруді жүргізетін орган оны алған болып есептеледі.

Тергеп-тексеруді жүргізетін орган көрсетілген мерзім өткен соң мүдделі тұлғаның ұсынған мәліметтерін назарға алмауы мүмкін.

Мүдделі тұлғаның уәжді және жазбаша нысанда жазылған өтініші бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган жауапты ұсыну мерзімін ұзартуы мүмкін.

14. Егер мүдделі тұлға тергеп-тексеруді жүргізетін органға қажетті ақпарат беруден бас тартса, оны белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе анық емес ақпаратты беріп, осылайша, тергеп-тексерудің жүргізілуін едәуір қиындатса, мұндай мүдделі тұлға ынтымақтаспайтын тұлға болып танылады және тергеп-тексеруді жүргізетін орган алдын ала немесе түпкілікті қорытындыны өзінде бар ақпарат негізінде жасай алады.

Тиісті мүдделі тұлға тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуында белгіленген ақпаратты ұсыну өлшемшарттарын толық орындаудың мүмкін еместігін немесе оның айтарлықтай материалдық шығындармен байланысты екендігін дәлелдей алатын жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізетін орган сұрау салынған ақпараттың электрондық түрде немесе тергеп-тексеруді жүргізетін орган белгілеген электрондық форматта ұсынылмауын ынтымақтасудан бас тарту ретінде бағаламауға тиіс.

Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілгендерден өзгеше себептер бойынша мүдделі тұлға ұсынған ақпаратты ескермеген жағдайда, аталған тұлға мұндай шешімді қабылдау себептері мен негіздері туралы хабардар етілуге тиіс және оған осыған байланысты тергеп-тексеруді жүргізетін орган айқындайтын мерзімде өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігі берілуге тиіс.

Егер тауардың қалыпты құнын айқындауды қоса алғанда, тергеп-тексеруді жүргізетін орган алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындаған кезде (демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізген кезде) осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылса және ақпарат, оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат пайдаланылса, онда мұндай қорытындыларды дайындаған кезде пайдаланылатын ақпарат мұндай тексеруді жүргізудің тергеп-тексеру барысын қиындатпайтын және оны жүргізу мерзімдерінің бұзылуына алып келмейтін жағдайда үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қолжетімді ақпаратты пайдалана отырып тексерілуге тиіс.

15. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған күннен бастап қысқа мерзімде экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына және өзіне мәлім экспорттаушыларға өтініштің (егер өтініште құпия ақпарат қамтылған жағдайда) немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмелерін жібереді, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға олардың сұрау салуы бойынша осындай көшірмелерді ұсынады.

Егер белгілі экспорттаушылардың саны көп болса, өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмесі экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына ғана жіберіледі.

Тергеп-тексеруді жүргізетін орган арнайы қорғау тергеп-тексеруіне қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының (егер өтініште құпия ақпарат қамтылған жағдайда) көшірмелерін береді.

Тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеруді жүргізетін орган құпия ақпаратты қорғау қажеттігін ескере отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша мүдделі тұлғаның тергеп-тексеру нысанасына қатысты дәлелдемелер ретінде кез келген жазбаша нысанда берілген мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.

Тергеп-тексеру барысы да тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеруге қатысушыларға тергеп-тексеруге қатысы бар және өзі тергеп-тексеру барысында пайдаланатын, бірақ құпия емес ақпарат болып табылатын өзге де мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.

16. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру нысанасы бойынша консультациялар өткізеді.

17. Тергеп-тексеру барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі беріледі. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша ақпараттың құпиялығын сақтауды ескере отырып, өз көзқарастарын білдіру үшін кездесуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте қандай да бір мүдделі тұлғаның болмауы оның мүдделеріне залал келтіруге әкеп соқпайды.

18. Өнім өндіруде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды қолданатын тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар тергеп-тексеруді жүргізетін органға тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтерді беруге құқылы.

19. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі:

1) арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тергеп-тексеру басталған күннен бастап тоғыз айдан (тергеп-тексеруді жүргізетін орган бұл мерзімді ұзартуы, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін);

2) демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тергеп-тексеру басталған күннен бастап он екі айдан (тергеп-тексеруді жүргізетін орган бұл мерзімді ұзартуы, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін) аспауға тиіс.

20. Тергеп-тексеруді жүргізу тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты кедендік операциялардың жүргізілуіне кедергі келтірмеуге тиіс.

21. Уәкілетті орган тергеп-тексеру жүргізуді қамтамасыз ету және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және мүдделі тұлғалардан мәліметтер, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтер сұрата алады.

22. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде тергеп-тексеруді жүргізу және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсаттары үшін:

1) уәкілетті органның сұрау салулары бойынша;

2) уәкілетті орган арқылы тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салулары бойынша қажетті мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.

Уәкілетті органның және (немесе) тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салынған ақпаратын ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары негіздемелерін көрсете отырып, бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

23. Уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрататын мәліметтерін, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді жинауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етеді.

24. Тергеп-тексеруді жүргізетін органға дәлелдемелер мен мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органмен хат алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады, ал шетел тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары орыс тіліндегі аудармасымен (аударманың дұрыстығын нотариаттың куәландыруымен) қоса берілуге тиіс.

25. Уәкілетті органның өкілдері тергеп-тексеруді жүргізетін органның тергеп-тексеру барысында өткізетін кездесулерге, консультацияларға, сондай-ақ жария тыңдауларға қатысады.

26. Комиссияның тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі баяндаманы және осы Заңның 5-бабында көрсетілген Комиссия шешімінің жобасын қарау күні тексерудің аяқталу күні болып табылады.

Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану, қайта қарау немесе тоқтату үшін негіздер жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тиісті хабарламаны Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында орналастырған күн тергеп-тексерудің аяқталу күні деп танылады.

Алдын ала арнайы баж, алдын ала демпингке қарсы баж немесе алдын ала өтемақы бажы енгізілген жағдайда, тергеп-тексеру тиісті алдын ала баждың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін аяқталуға тиіс.

27. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өскен импорттың және онымен байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе оны келтіру қатерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына демпингтік немесе субсидияланатын импорттың және онымен байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуының орын алуы болмағанын анықтаған жағдайда, тергеп-тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізбестен аяқталады.


Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...45 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ