Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
39-бап. Құпия ақпарат



Ст. 39 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құпия ақпаратты уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.

2. Уәкілетті органға мүдделі тұлға ұсынатын ақпарат осы тұлға негіздемелерді, оның ішінде осындай ақпаратты ашу үшінші тұлғаға бәсекелестік басымдық беретіні не осындай ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе осындай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарларға әкеп соғатындығын растайтын негіздемелерді ұсынған кезде құпия ақпарат ретінде қаралады.

Негіздемелер жазбаша түрде ұсынылуға тиіс.

3. Уәкілетті органға құпия ақпаратты ұсынатын мүдделі тұлғалар сонымен бірге осындай ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсынады.

Құпия емес нұсқа құпия түрде ұсынылған ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті түрде толық болуға тиіс.

Мүдделі тұлға құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бере алмайтын ерекше жағдайларда, ол құпия емес нұсқасын беру мүмкін еместігінің себептерін толық баяндай отырып, негіздеме ұсынуға тиіс.

4. Тергеп-тексеруді жүргізетін органды қоспағанда, уәкілетті орган үшінші тұлғаларға құпия ақпаратты бере алмайды.

Мүдделі тұлғалар ұсынған құпия ақпаратты олардың жазбаша рұқсатынсыз жария етуге болмайды.

Құпия ақпаратты уәкілетті органның лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына болмайды.

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...45 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ