Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 4 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ



 Уәкілетті орган:

1) тергеп-тексеруді жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

2) тергеп-тексеруді жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

4) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;

5) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...45 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ