Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы

Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы
11-бап. Университеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруы



Ст. 11 Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV



1. Университет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

2. Университет салалық ғылыми орталықтар құруға құқылы.

3. Университет және оның салалық ғылыми орталықтары Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасында көзделген олардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін аккредиттеуден босатылады.

4. Университет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдануға (коммерцияландыруға) қатысуға құқылы.

Университеттің және оның салалық ғылыми орталықтарының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдану (коммерцияландыру) нәтижесінде алынған табыстары тек қана оларды дамытуға жұмсалады.

Статья 1 ...9 10 11 12 12-1 ...13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV