Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы
5-бап. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі



Ст. 5 Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV



1. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі:

1) құрылтайшының нысаналы салымдары;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша берілетін мемлекеттік мүлік;

3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

4) Қор беретін қаржыландыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды өткізуден, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (табыстар);

6) акциялар, облигациялар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (табыстар, сыйақылар (мүдде);

7) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасады.

Университеттің және Зияткерлік мектептердің осы тармаққа сәйкес қалыптастырылған мүлкі оларға меншік құқығымен тиесілі болады.

Университет және Зияткерлік мектептер өз мүлкін өздерінің құрылу мақсаттарына қол жеткізу үшін ғана пайдаланады.

2. Университет және Зияткерлік мектептер, сондай-ақ олардың ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма, мемлекеттік білім беру тапсырысын және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға құқылы.

 2-1. Дербес білім беру ұйымының:

1) нысаналы салым қаражатын өзінің жоғары басқару органының немесе Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының тапсырмасына сәйкес қайта бөлуге;

2) күрделі салымдарға бағытталатын шығыстар бойынша, сондай-ақ күрделі шығындарға жатпайтын шығыстар бойынша үнемдеу нәтижесінде пайда болған нысаналы салым қаражатын жарғылық мақсаттарға сәйкес дербес білім беру ұйымының ұйымдары және (немесе) шығыстардың бағыттары арасында оларды дамытуға қайта бөлуге құқығы бар.

Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы салым қаражаты дербес білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша келесі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.

2-2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымдарының меншігіне беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі Университет меншігіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде беріледі.

3. Дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне құрылтайшының мүліктік құқықтары болмайды.

Құрылтайшы өзі құрған дербес білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал олар құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV