Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы
6-бап. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың басқару органдары



Ст. 6 Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV



1. Жоғары қамқоршылық кеңес Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жоғары басқару органы болып табылады.

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғары қамқоршылық кеңестің тұңғыш төрағасы болып табылады.

Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені Жоғары қамқоршылық кеңестің тұңғыш төрағасы бекітеді.

2. Жоғары қамқоршылық кеңестің құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі, мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, оның шешімдерді қабылдау тәртібі осы Заңда, сондай-ақ Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережеде айқындалады.

3. Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыретіне:

1) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың ұзақ мерзімді даму стратегияларын бекіту;

2) мүлікке билік ету тәртібін бекіту;

3) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларды жаңа редакцияда қабылдау;

4) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру, қамқоршылық кеңестердің мүшелерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату;

5) Университетті, Зияткерлік мектептерді және Қорды қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдау;

6) Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.

4. Тұрақты жұмыс істейтін қамқоршылық кеңестер Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органдары болып табылады.

Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қамқоршылық кеңестерінің құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі, мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, олардың шешімдерді қабылдау тәртібі осы Заңда, сондай-ақ олардың жарғыларында айқындалады.

5. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қамқоршылық кеңестерінің құзыретіне:

1) жылдық және орта мерзімді бюджеттерді бекіту;

2) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың атқарушы органдарының сан жағынан құрамын айқындау, олардың басшылары мен мүшелерін немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамдарды сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;

4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.

6. Университеттің және Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңестерінің құрамына құрылтайшының өкілдері, ғылыми және педагог қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де адамдар кіреді. Мемлекеттік қызметшілер Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың басқару органдарына тағайындалған жағдайда олар аталған заңды тұлғаларды басқаруға қатысады.

7. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты олардың атқарушы органдары жүзеге асырады. Атқарушы органдар алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.

Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың атқарушы органдары Жоғары қамқоршылық кеңестің, Университеттің, Зияткерлік мектептердің, Қордың қамқоршылық кеңестерінің шешімдері негізінде және оларды орындау үшін жұмыс істейді және оларға есеп береді.

Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың атқарушы органдарының құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі мен өкілеттік мерзімдері олардың жарғыларында айқындалады.

8. Университетте, Зияткерлік мектептерде және Қорда олардың жарғыларына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV