Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы

Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы
9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері



Ст. 9 Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV



Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 1. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметін дербес әзірлеген білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады. Университет бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді. Университет тәрбие жұмысын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Білім беру қызметін ұйымдастыру, білім сапасын басқару және білім беру мониторингін жүзеге асыру, оқуға қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін Университет және оның ұйымдары өз жарғыларына сәйкес дербес айқындайды.

3. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын дербес бекітеді.

4. Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өздерінде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың нысанын және оларды толтыру тәртібін ұйымдар дербес бекітеді.

5. Университет өзінде іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың бірыңғай нысанын және оларды толтыру тәртібін Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.

6. Университет, оның ұйымдары беретін тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар өздерінің иелеріне білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың иелері үшін көзделген құқықтарды береді.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi және Назарбаев Қоры мәртебесi туралы 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV