Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы
7-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері



Ст. 7 Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296



Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қаланың Қазақстан Республикасының астанасы функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеттері:

1) астананың Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығының рөлін орындауы үшін жағдай жасау;

2) астананың әлемдегі басқа астаналар арасындағы бәсекелестік мүмкіндіктерін арттыру, орнықты дамыған қаланы құру;

3) астананы халықаралық қатынастар орталығы ретінде дамыту;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Жоғарғы Соттың, өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

5) жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін жағдай жасау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруы болып табылады.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...15 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296