Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы
9-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:

1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, астана аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;

2) астананың коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;

3) астананың коммуналдық меншігін жекешелендіру жөніндегі қатынастарды реттейтін қаулылар шығарады;

4) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) Қазақстан Республикасының бюджеті заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;

8) астананың аумағында және қала маңы аймағында қолданылатын мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген астананы дамыту мен салудың бас жоспарын, астананың қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі субъектілердің қызметін үйлестіреді;

10) астана және қала маңы аймағы аумақтарын дамыту мен салудың бас жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастырады;

11) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

12) астананың қала құрылысы кеңесі үшін алдын ала қорытындылардың материалдарын дайындайды;

13) реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асырады;

14) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

15) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін әзірлейді;

16) астанада еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

17) астананы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен астанада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін жағдайлар жасайды;

18-1) қызметінің негізгі нысанасы – астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмнің дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлау болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;

19) жылумен, энергиямен, сумен, газбен жабдықтау жүйесінің, кәріздің және су қашыртудың, жол қызметінің, астаналық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің, абаттандырудың, көгалдандырудың, қаланы санитарлық тазартудың, сондай-ақ тұрғын үй қорын инженерлік қамтамасыз етудің, пайдалану мен жөндеудің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіреді;

19-1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;

19-2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың арасынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыратын уәкілетті ұйымды айқындайды;

19-3) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, астананың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

19-4) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;

19-5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтеуді жүзеге асырады;

19-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
19-7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;

19-8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

19-9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

19-10) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

19-11) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

19-12) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

19-13) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын астана тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;

20) астана аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

21) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту мен олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;

22) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

23) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемалары мен тәртібін айқындайды;

25) ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) ұйымдастырады;

26) мыналарды:

астана көшелерінің тізбесін;

автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) ұйымдастыру және олардың санаттарын айқындау қағидаларын;

коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын;

көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша астанада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын;

мүдделі орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй қызметтерін, медициналық және өзге де қызметтерді көрсету қағидаларын бекітеді;

27) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;

27-1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;

28) астана аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді.

29) астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

30) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;

31) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

32) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны айқындайды;

33) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

34) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

35) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

36) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

37) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;

38) астана аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;

39) астананың және қала маңы аймағының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларын (мемлекеттік нормативтік құжаттарды) келіседі;

40) астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;

41) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

42) жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 9‑1 9‑2 ...15

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться