Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы
19-бап. Қызметтiк және арнаулы мiндеттер



Ст. 19 Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы



  Әскери қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерi мен осы мiндеттердi орындау тәртiбi әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен белгiленедi. Командирлер (бастықтар) дара басшылар болып табылады және бейбiт кез бен соғыс уақытында қарамағындағылардың өмiрi мен қызметiнiң барлық жағына, атап айтқанда: тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiкке, олардың жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына; адам құрамының жауынгерлiк әзiрлiгiне, әскери тәртiбiне, моральдық-психологиялық жай-күйiне және әскери қызметтiң қауiпсiздiгiне; қару-жарақтың, әскери техника мен мүлiктiң жай-күйiне және сақталуына; материалдық-техникалық, медициналық, қаржылық және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге жауап бередi. Әскери қызметшiлер жауынгерлiк кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте), тәулiктiк және гарнизондық нарядта жүргенде, сондай-ақ дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылған кезде арнаулы мiндеттердi орындайды. Аталған мiндеттер мен оларды орындау тәртiбi заң актiлерiмен , әскери жарғылармен және солардың негiзiнде әзiрленген басқа да нормативтiк актiлермен белгiленедi.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы