Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеуiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетi;

3) сақтанушы - сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус;

4) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

5) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

7) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;

8) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;

9) үшiншi тұлға - жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тарабы болып табылмайтын, жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауға байланысты кәсiби мiндеттерiн орындауы кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлген, жекеше нотариус оларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлға;

10) жекеше нотариус - нотариаттық iс-әрекеттi нотариаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негiзiнде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтық әдiлет органында есепке алу тiркеуiнен өткен Қазақстан Республикасының азаматы;

11) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын шығынды өтеуден босату.

Статья 1 2 3 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435