Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi



Ст. 21 Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435




1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы: 

1) үшiншi тұлғалардың сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң; 

2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң; 

3) сақтанушының нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарында белгiленген функциялары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруының; 

4) сақтанушы Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарын нотариус қызметiнiң аумағына қатысты талаптарын бұза отырып жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң салдарынан болса сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы. 

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыруда асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:  

1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы; 

2) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау; 

3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi негiз болуы мүмкiн. 

3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы. 

4. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:  

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк уланудың әсерi; 

2) соғыс қимылдарының; 

3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан туындаса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады. 

5. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген, сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi. 

6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Қорытынды ережелер


Статья 1 ...19 20 21 22 23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435