Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi



Ст. 8 Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435



1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында жекеше нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.  

Жекеше нотариус өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын нотариаттық iс-әрекеттердi бастағанға дейiн жасасуға мiндеттi. 

2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 

3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн шартты жасасу мiндеттi болып табылады. 

4. Жекеше нотариустардың мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.  

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң мазмұны және ресiмделуi жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.  

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді. 

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 

5. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе үшiншi тұлғалардың жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен үшiншi тұлғалардың алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435