Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы



Ст. 9 Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435



1. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзiмiн ұзартып төлеген кезде - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 

2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.  

Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi. 

3. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435