Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
11-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

Ст. 11 Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. 

2. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын орындамаған сақтандырушының кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға мiндеттi. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың өзге жағдайларында сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн сақтандырудың қолданылуы iшiндегi уақытқа барабар алуға құқығы бар.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...23

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440