Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 13 Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440



1. Сақтанушы: 

1) сақтандырушыдан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 

2) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және жағдайларда алуға құқылы.  

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 

2. Сақтанушы:  

1) сақтандыру сыйлықақысын аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге; 

2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынуға; 

3) аудиттi өткiзу нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап, шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға; 

4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi пайда болған оқиғаның себептерi, барысы және салдары,  

сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға; 

5) аудиттеу субъектiсiнiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға; 

6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөнiндегi шараларды қолдануға; 

7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.  

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440