Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Сақтандырушы: 

1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi беруiн талап етуге; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға; 

3) аудиттеу субъектiлерiнiң сақтанушының аудиттi өткiзуге байланысты өз мiндеттерiн орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянын өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға; 

4) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиянға жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға; 

5) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе ішінapa жүзеге асырудан бас тартуға  

құқылы.  

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан  

Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 

2. Сақтандырушы:  

1) сақтанушыны аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 

1-1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға; 

2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға; 

2-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға; 

3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге; 

4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге; 

5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге; 

6) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге; 

7) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті. 

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...23

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться