Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері



Ст. 14 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444




1. Сақтандырушы:

1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беруін талап етуге;

2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтау үшін жәбірленушінің зақымдалған (жойылған) мүлкіне бағалау жүргізуге;

4) жәбірленушінің денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;

5) осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап қоюға;

6)осы Заңның 24-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

2. Сақтандырушы:

1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

2) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін беруге;

3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезде оны шұғыл түрде тіркеуге;

4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтанушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;

5) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жасауға;

6) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;

7) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.


Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444