Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
24-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері



Ст. 24 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444



1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін, сондай-ақ:

1) сақтанушының залалдың тиісті өтемін залал келтіруге кінәлі тұлғадан алуы;

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау;

3) жәбірленушінің мүлкіне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмістен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдік бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрінде зиян келтіруі негіз болуы мүмкін.

3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға уақтылы хабарламау немесе хабарламай қою, егер бұл дәлелді себептерге байланысты болса және сақтандыру жағдайының басталғаны, жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені туралы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса және мүлік бағалау үшін сақтандыру жағдайы басталғаннан кейінгі күйінде ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіз бола алмайды.

4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер бар болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талап қойған тұлғаға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі келтірілген сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.

5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) ядролық жарылыстың, радиациялық немесе радиоактивті улану әсерінің;

2) соғыс қимылдарының;

3) азамат соғысының, түрлі сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің салдарынан туған болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 
6-тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...22 23 24 25 26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444