Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
4-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты мен негізгі принциптері



Ст. 4 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444



1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптері:

жәбірленушілердің мүліктік мүдделерін осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қорғауды қамтамасыз ету;

өзінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болған жағдайда тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы;

тараптардың тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі болып табылады.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444