Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 13 Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513




1. Сақтандырушы:

1)  туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi талап етуге;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға;

3) сақтанушының туристiк қызметтер көрсетуге байланысты мiндеттердi өзi орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянды өтеу туралы туристердiң талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға;

4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;

5) осы Заңның 20-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

2. Сақтандырушы:

1) сақтанушыны мiндеттi сақтандырудың талаптарымен және тәртiбiмен таныстыруға, оның туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;

2) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру полисiн беруге;

3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды жүргiзуге, сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актiсiн жасауға және оны танысу үшiн пайда алушыға табыс етуге;

4) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттармен сақтандыру төлемiн жүргiзуге;

5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

6) сақтанушыға (сақтандырылушыға) оның сақтандыру жағдайы кезiнде залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi.

3. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiнiң мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  
4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы


Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513