Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау



Ст. 17 Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513




1. Туроператордың немесе турагенттің туристке туриске операторлық немесе туристiк агенттік қызметті жүзеге асыру кезiнде оның мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

2. Сақтандыру жағдайы туристің зиянды өтеу туралы талаптарын сақтанушы негізді деп мойындаған және сақтандырушы сақтанушының талаптарды мойындауымен келіскен кезден бастап басталған деп есептеледі.

Сақтанушы туристің зиянды өтеу туралы талабын негізді деп мойындамаған жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап басталған деп есептеледі.

3. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн осы Заңның 8-бабы 4-тармағының ережелерiн ескере отырып, туристiң талабының сомасына немесе келтiрiлген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiне сүйенiп айқындайды.

4. Сақтанушының залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалған болса, тiптi егер тиiстi шаралар сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.

Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, алайда сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауы үшiн, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.

5. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша франшиза бiр сақтандыру жағдайы бойынша және әрбiр пайда алушы бойынша айлық есептiк көрсеткiштiң бес еселенген мөлшерiн құрайды. Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кеткен жағдайда, сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.

Пайда алушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi франшиза қолданылмай жүзеге асырылады.

6. Бір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауға тиіс.

Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513