Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы



Ст. 19 Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513



1. Сақтандыру төлемiн жүзуге асырған сақтандырушының жүзеге асырылған сақтандыру төлемiнiң шегiнде сақтанушыға мынадай жағдайларда:

1) сақтанушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;

2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттердi жасаған;

3) сақтанушы сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаған;

4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған;

5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуы үшiн жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартқан жағдайда керi талап қоюға құқығы бар.

2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегiнде, сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалдар үшiн жауапты тұлғаға сақтанушы қоятын кері талап қою құқығы өтедi.

 Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...17 18 19 20 21 22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513