Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi



Ст. 21 Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық ж 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580



1. Егер сақтандыру жағдайы:

1) қажеттi қорғану мен аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;

2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.

2. Егер сақтандыру жағдайы:

1) әскери iс-қимылдар;

2) азаматтық соғыс, халықтың кез келген толқулары, жаппай тәртiпсiздiк немесе ереуiлдер салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан босатылады.

3. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да:

1) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан артық зиянды өтеу туралы кез келген талаптар;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;

3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау негiз болуы мүмкiн.

4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiм қабылдайды және отыз күн iшiнде бас тарту себептерiн дәлелдi негiздей отырып, сақтанушыға (сақтандырылушыға) және (немесе) пайда алушыға жазбаша нысанда хабарлайды.

5. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы (сақтандырылушы) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сотқа шағым жасауы мүмкiн.

 Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...19 20 21 22 23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық ж 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580