Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады. 

2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады. 

3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы не ол тартқан бағалаушы қызмет көрсету туралы шарттың негізінде лицензиялық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып жүзеге асырады.  

Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар және мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) келтірілген зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бүлінген мүлікті қарап-тексерудің жүргізілетін күнін, уақытын және орнын келіседі. Бұл ретте бүлінген мүлікті қарап-тексеру көрсетілген өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргізілуге тиіс.  

Егер бүлінген мүлікті қарап-тексеру сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) кінәсінен немесе тараптардың еркінен тыс мән-жайларға байланысты жүргізілмеген жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандырушыға келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтінішпен қайтадан жүгінеді. 

Мүлікке келтірілген зиян мөлшерін айқындауды сақтандырушы бүлінген мүлік қарап-тексерілген және қарап-тексеру актісі жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады. 

3-1. Егер сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін осы баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде айқындамаса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының көрсетілетін қызметтерін пайдалануы және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Бағалаушының көрсетілетін қызметтері үшін сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен шығындар, сақтандыру төлеміне қарамастан, сақтандырушының өтеуіне жатады. 

Бағалаушы көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды уәкілетті органның осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, бағалаушы жүргізген, көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау нәтижесін сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) немесе оның өкіліне сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қабылдайды. 

4. Сақтандырушы осы бапқа сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады. 

5. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиян мөлшерін айқындауға байланысты меншікті шығыстарды ұстап қалуға құқылы емес. 

6. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері  

Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.  

Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.  

Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы. 

Көлік оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгі нысандары уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

22-2-баппен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...20‑1 21 22 22‑1 22‑2 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться