Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары



Ст. 25 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы




1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, алу тәртібін көрсетіп, жазбаша нысанда қояды.

2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:

1) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисінің көшірмесі не бар болған кезде көрсетілген сақтандыру полисі бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі) мәліметтердің бірі;

2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;

3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

4) жәбiрленушiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;

4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);

4-2) осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, бағалауды ұйымдастыруға арналған өтініш;

5) осы Заңның 22-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау жөнiнде тәуелсiз сарапшы жасаған құжаттар;

6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;

7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;

8) сақтанушының (сақтандырылушы) немесе көлік құралын басқаратын адамның жүргізуші куәлігінің көшірмесі және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.

Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғандығы туралы белгі соғылып, сақтандырушыда қалады.

4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.

Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.

5. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.

6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған (зиянды өтеттiруге құқылы адамдарға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесiлі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.

7. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушының пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.

8. Сақтандырушы осы мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны мөлшерiндегi сақтандыру төлемiн жүзеге асырған жағдайда, оның мүлiктi және мүлiктiң қалдықтарын алуға құқығы бар.

Ескерту. 25-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...23 24 25 26 26-1 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы