Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi



Ст. 26 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы




1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.

2. Алынып тасталды - 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.

3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесiнде жәбiрленушiнiң денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектiк не мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбiрленушіден (пайда алушыдан) келiп түскен өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың негiзiнде, сақтандыру төлемiнiң сомасына осы Заңда белгiленген тәртiппен және мөлшерде қайта есептеу жүргiзуге мiндеттi.

Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеу кезiнде бұрын төленген сомалар есепке алынады.

4. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.


Статья 1 ...24 25 26 26-1 27 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы