Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау



Ст. 30-1 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы



1. Мынадай:

1) сақтандырушылар арасында көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;

2) сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын өзара қарым-қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.

2. Сақтандыру омбудсманын сайлауды өкілдер кеңесі жүзеге асырады.

Өкілдер кеңесі:

1) әрбір сақтандырушының;

2) уәкілетті органның бір-бір өкілінен құрылады.

2-1. Өкілдер кеңесінің құзыреті:

1) сақтандыру омбудсманының құрылымын және штатын (офисін) бекітеді;

2) сақтандыру омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібі;

3) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.

3. Уәкілетті орган сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатураны ұсынады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.

4. Сақтандыру омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.

Өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлау негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру омбудсманының өкілеттігі аталған хабарламаны өкілдер кеңесі алған кезден бастап тоқтатылады.

Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...29 30 30-1 30-2 30-3 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-1-бап Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы