Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім қабылдау тәртібі



Ст. 30-3 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы



1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды, ол дауға қатысатын тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.

Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

2. Сақтандыру омбудсманының шешімін сақтандырушы орындауға тиіс.

3. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін ол
белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы бұл
туралы кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылу фактісін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

4. Сақтандыру омбудсманының сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешімі міндетті болып табылады.

5. Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешімі сақтанушы (пайда алушы) оны қабылдаған жағдайда сақтандырушы үшін міндетті болады.

Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандыру омбудсманының шешімін орындау міндетті болып табылмайды.

Ескерту. 30-3-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...30-1 30-2 30-3 30-4 31 32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-3-бап Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы