Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі



Ст. 30-4 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы




1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде дауды шешу және шешімдерді қабылдау бойынша өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі ережелердің негізінде жүзеге асырылады.

2. Жүктелген функцияларды тиісінше атқару мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандырушылардың жарналары есебінен қаржыландырылады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесімен келісім  бойынша құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисін) құруға құқылы.

3. Сақтандыру омбудсманы дауды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.

Сақтандыру омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

4. Осы Заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өзара қарым-қатынастарды реттеуді сақтандыру омбудсманы тегін жүзеге асырады.

5. Сақтандыру омбудсманы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.

Ескерту. 30-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...30-2 30-3 30-4 31 32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-4-бап Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы