Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау



Ст. 6 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы



1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.02.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 № 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы