Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы
16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 16-1 Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533



 Ескерту. 16-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманы дайындау кезiнде қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргiзуге құқығы бар.

2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган қолайсыз табиғат құбылысының фактiсiн растайтын немесе растамайтын анықтаманы:

1) сақтанушыға - тегiн, екi дана етiп, қысқа мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк үш күн iшiнде, ұзақ мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк бес күн iшiнде;

2) өзге де мүдделi тұлғаларға - белгiленген тәртiппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге мiндеттi.

Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.07 N 179 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...15 16 16-1 17 18 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-1-бап Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533