Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26-1 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Сақтандыру қызметi туралы
26-1-бап. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту негіздері

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына: 

1) ұсынылған құжаттардың осы Заңның 26-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау; 

2) осы Заңның 34-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтамауы (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты); 

3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы; 

3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі; 

3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы; 

4) өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы; 

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оған ірі қатысушы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар; 

6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар; 

6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы; 

7) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру холдингтеріне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы; 

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдау жасау; 

9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы; 

10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы;  

11) бұрын уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде адам ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады; 

12) өтініш беруші – заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкессіздігі; 

13) Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар – заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады. 

2. Мына жағдайлардың бірінің болуы: 

1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса; 

2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе; 

3) әрбір аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе; 

4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе; 

5) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында мерзімі өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса; 

6) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздесе; 

6-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегере отырып) жеткіліксіз болса; 

7) өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының болуын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру ықтималдығын куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады. 

3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...25‑1 26 26‑1 27 28 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться