Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымына ірі қатысушы

1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иелене, пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бақылау жасай алмайды немесе ықпал ету мүмкіндігі болмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды. 

Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін ала алады. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді. 

Өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін. 

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу қағидаларын, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды. 

2-1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді. 

3. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымы акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды. 

Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының – Қазақстан Республикасының резидент емесінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға қолданылмайды. 

Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 6-1, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат сипаттамасын қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтер қамтылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті. 

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларын шегере отырып) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс. 

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды: 

1) акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 

Мыналар: 

кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер; 

өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көзі болып табылады. 

Осы тармақшаның екінші бөлігінде аталған көздерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшердегі сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін. 

Сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған жағдайда өтініш беруші сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады; 

1-1) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін; 

2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді; 

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын; 

5) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады. 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі; 

7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс); 

8) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасын ұсынады. 

6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сыйға тарту шарты негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті ұсыну кезінде мынадай: 

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін; 

2) осы баптың 6-тармағының 1-1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды; 

3) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.  

Сыйға тарту шарты нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленген жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды: 

1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларының құнын шегере отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі бұрын иеленген акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс; 

2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйға тартылған акцияларының бағалаушы айқындаған құнының кем дегенде жетпіс бес пайызын құрайды. 

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды: 

1) өтініш берушінің тиісті органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған жағдайда) көшірмелерін; 

2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды; 

3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған жағдайда); 

4) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды; 

5) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс); 

8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады.  

Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды. 

9) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды: 

1) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 3) және 4) тармақшаларында және 6-тармағының 1), 2), 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды; 

2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта аталған құжаттарға қосымша өтініш берушінің орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растама не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы өтініш береді. 

9. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды: 

1) осы баптың 8-тармағында аталған мәліметтер мен құжаттарды; 

2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды; 

3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтініш береді. 

9-1. Сақтандыру холдингі болуға ниет білдірген тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа, егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын қалыптастыруға алып келетін болса, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады. 

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта аталған құжаттар мен мәліметтерге қосымша, уәкілетті орган оған қойылатын талаптарды белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады. 

11. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) он немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және: 

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін; 

2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын; 

3) олардың біреуі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын; 

4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген; 

5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін; 

6) олардың біреуі өзіне сыйға берілген ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады. 

Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады. 

12. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде қабылдауға тиіс. 

Уәкілетті орган өз шешімінің нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлама беруге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісімді беруден бас тартқан жағдайда жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі. 

Уәкілетті орган банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсатты бір мезгілде береді. 

13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті. 

Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес. 

Уәкілетті орган оларға қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган осы тұлғаларға уәкілетті органның талаптарын орындату үшін сотқа жүгінуге құқылы. 

14. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір әрекет жасауға және (немесе) осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес. 

Аталған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай болған тұлға сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

Тиісті мәртебені алу туралы өтініш оған өзінің сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер осы тұлға аталған мерзімде акцияларын иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға беріледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдағаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі. 

Уәкілетті орган сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті. 

14-1. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру холдингі белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын алты айдан аспайтын мерзімде өткізу жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 53-4-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. 

15. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызы тиесілі және: 

1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну; 

2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу; 

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру; 

4) өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит өткізу мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін, олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін акционерлер сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар болып табылмайды. 

16. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және: 

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін; 

2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын; 

3) олардың біреуі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын; 

4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады. 

17. Уәкілетті орган осы тұлғаның сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екенін көрсететін мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленуші кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғаның бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін. 

18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей немесе жанама түрде иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама түрде дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасының өзгеруі туралы, мұндай өзгеріс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алу салдарларынан орын алған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына өзгерген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларын шегере отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап күші жойылды деп есептеледі. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға, өзіне тиесілі акциялар саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы иеленгендерін шегере отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады. 

19. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өзі осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

21. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22. Банктің сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк бірігу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде акциялары сатып алынған немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-2, 61-4, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған кезде акциялары берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп есептеледі. 

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...25 25‑1 26 26‑1 27 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться