Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері, қатысушылардың жалпы жиналысының не акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін – филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы. 

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалы мен өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде: 

1) филиал немесе өкілдік туралы ереженің көшірмесін; 

2) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органға олардың ашылуы туралы хабар беруге міндетті. 

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асырады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады. 

4. Сақтандыру брокерінің филиалы өз қызметін сақтандыру брокерінің атынан жүзеге асырады және сақтандыру брокері өзіне берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Сақтандыру брокері филиалының сақтандыру брокерімен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру брокерінің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады. 

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша жұмыс істейді және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайды. 

6. Сақтандыру брокерінің өкілдігі сақтандыру брокерінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің делдалдық қызметін жүзеге асырмайды. 

7. Осы Заңның 53-5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиал Корпорацияда есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227-бабының екінші бөлігінде, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды уәкілетті органның қолданбауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады. 

8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдік ашуға құқылы. 

9. Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері Корпорацияда есептік қайта тіркелу күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті. 

Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдап алуға уәкілеттік берілген орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің құжаттарын қабылдап алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылдап алынғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті. 

10. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға мемлекеттің тиісті органында тіркелгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы жазбаша хабар беруге міндетті. 

11. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органның келісімін алмастан өз өкілдігін ашуға құқылы. 

12. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде: 

1) өкілдік туралы ереженің көшірмесін; 

2) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін; 

3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын немесе егер тиісті мемлекеттегі сақтандыру брокерінің қызметі лицензияланатын қызмет түрі болмаса, тіркеу нөмірін көрсете отырып, электрондық растаманы не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін; 

4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін ашуға қарсы еместігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін; 

5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі басшысының атына нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, ашылуы туралы уәкілетті органға жазбаша хабар беруге тиіс. 

13. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген шарттарда рұқсат етіледі. 

14. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабар беруге міндетті. 

Өкілдік туралы ережеге қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдауға уәкілеттік берілген орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері өкілдігінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. 

15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін Корпорацияда (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде – мемлекеттің тиісті тіркеуші органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын Корпорация (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде – мемлекеттің тиісті тіркеуші органы) құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабар беруге тиіс. 

16. Уәкілетті орган осы баптың 7, 8, 12 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін жабуды талап етеді. 

Уәкілетті орган осы баптың 2, 9, 10 және 15-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне қадағалап ден қою шараларын қолданады. 

Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...31‑1 32 33 34 35 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться