Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 37 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау

1. Алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялар болған кезде береді. 

1-2. Өтініш беруші уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алуға өтініш бергенге дейін: 

1) барлық ұйымдастырушылық-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есепке алу және бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шараларды орындауға; 

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, ішкі аудит жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге; 

3) басшы қызметкерлерді келісу жөніндегі талаптарды орындауға; 

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларының болуын қамтамасыз етуге; 

5) штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарийдің болуы; 

6) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартын, егер сақтандыру ұйымының осындай ұйымға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген болса, жасасуға; 

7) осы Заңның және Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының талаптарына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен қатысу шартын жасасуға міндетті. 

1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш; 

2) осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар; 

3) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 

4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері. 

2. Сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 

1) өтінішті;  

2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды; 

3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

3-1) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады. 

5) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

6) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

7) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Бизнес-жоспар сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) ескеріле отырып (сақтандыру ұйымының тұтастай алғандағы қызметі бойынша) жасалады және ол:  

1) сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш білдірген күнге осы Заңның 27-бабына сәйкес бұрын ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан аз қалған жағдайда, "жалпы сақтандыру" саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін – таяудағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға; 

2) сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей өтініш білдірген жағдайда, осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзімнің соңына дейінгі кезеңге әзірленуге тиіс. 

Осы Заңның 27-бабына сәйкес бизнес-жоспарда талап етілетін ақпаратқа қосымша ретінде бизнес-жоспарда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс: 

1) мыналардың:  

сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің;  

сақтандыру портфелі құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;  

сақтандыру сыныбы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);  

сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде өткізу тәсілдерінің негізгі сипаттамалары (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);  

2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, экономикалық негіздемесі бар сақтандыру тарифтерінің есеп-қисабы (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);  

3) пайда, залал туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша); 

4) сақтандыру резервтері туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы және сақтандыру портфелі бойынша); 

5) залалдылық болжамы, ең нашар және ең жақсы ахуалдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);  

6) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);  

7) инвестициялық саясат (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша). 

4. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде сақтандырудың осы сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастай отырып, сондай-ақ лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге жатады. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді. 

Акционерлер жалпы жиналысының шешімімен лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде лицензия шешім қабылданған күннен бастап бір жүз сексен күн ішінде қайта ресімделуге жатады. 

5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақыларын, жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, сақтандырудың осы сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы баптың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган хабардар етілген күннен бастап қолданылады. 

Сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы: 

1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымы (ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға; 

2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы Заңның 37-1-бабы 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға; 

3) басқа сақтандыру ұйымында (ұйымдарында) сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша сақтандыру портфелін қабылдауға заңнамалық шектеулер болған кезде сақтанушылармен (қайта сақтанушылармен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға міндетті. 

5-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды. 

Бұл ретте осы баптың 5-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады. 

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 

1) өтініш; 

2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;  

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі;  

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттар. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары: 

1) уәкілетті органның сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау; 

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті. 

6-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының филиалына қатысты осы баптың 5, 5-1, 5-2 және 6-тармақтарында көзделген шешімдерді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқару органы қабылдайды. 

7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:  

1) өтінішті;  

2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды; 

3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді. 

7-1. Уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді. 

7-2. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына ғана береді. 

"Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына берілген, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия сақтандыру ұйымының "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісінше өзінің қолданысын тоқтата тұрады не тоқтатады. 

7-3. Сақтандыру ұйымы бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензины алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 

1) өтінішті; 

2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасауды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 

3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді; 

4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

5) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

6) өтініш берушіде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың немесе өзге де жабдықтың болуын растайтын құжатты ұсынады. 

8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:  

1) брокерлік қызмет түрлерінің шегінде лицензия беру туралы өтінішті; 

2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;  

4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;  

5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;  

6) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

7) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

8) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;  

9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;  

10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады. 

8-1. Сақтандыру брокері брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 

1) өтінішті; 

2) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерлерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерлерге сәйкестігін растайтын құжаттарды; 

3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

5) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады. 

Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 

1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында белгіленген құжаттар; 

2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттар. 

8-2. Лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрі алып тасталған жағдайда, лицензия брокерлік қызметтің осы түрі алып тастала отырып, қайта ресімделуге жатады. 

Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру брокерінің брокерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қолданыстағы міндеттемелерінің жоқ екенін растайтын құжаттар қоса берілген сақтандыру брокерінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. 

8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады: 

1) өтініш; 

2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі; 

3) сақтандыру брокері қатысушылары жалпы жиналысының не акционерлері жалпы жиналысының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері басқару органының) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары: 

1) уәкілетті органның брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау; 

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті. 

9. Уәкілетті органның сақтандыру брокерін брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиясынан немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді қоспағанда, лицензия берілгені (қайта ресімделгені) үшін лицензиялық алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 

10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. 

Осы Заңның 16-4-бабының 1-тармағына және 30-1-бабының 2-тармағына сәйкес, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді филиал есептік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді. 

Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына лицензия беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды. 

Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді. 

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.  

Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді. 

11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. 

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібі, сондай-ақ осы баптың 1-2, 1-3, 2, 3, 6, 7, 7-3, 8, 8-1 және 8-3-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

13. Осы баптың 7-2, 7-3 және 8-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды. 

14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензия берілген күннен бастап он екі ай ішінде лицензиялық қызметті жүзеге асырмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны ерікті түрде қайтаруды жүзеге асыруға міндетті. 

15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініші негізінде жүзеге асырылады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі болмаған кезде ғана жүргізіледі.  

16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтарғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. 

17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі. 

Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...36‑6 36‑7 37 37‑1 38 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться