Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі. 

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер: 

жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін; 

төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін; 

өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін; 

активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды. 

Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады. 

Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы. 

Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтерді белгілеуге құқылы. 

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады. 

3. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төлеуге мынадай: 

1) егер осындай төлеу: 

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бір не бірнеше пруденциялық нормативінің бұзылуына; 

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фактордың (факторлардың) пайда болуына алып келетін; 

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы пруденциялық нормативтерді бұзған, сондай-ақ осы баптың 4-тармағына сәйкес шаралар қолданбаған; 

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне және сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шаралары көзделетін, осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес уәкілетті органға ұсынылған іс-шаралар жоспарының орындалмауына әсер ететін фактор (факторлар) болған жағдайларда жол берілмейді. 

4. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қолдануға міндетті.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті. 

Уәкілетті орган осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы Заңның 53-4-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. 

4-1. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылардың үлестес тұлғаларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің заң бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін. 

5. Төлем қабілеттігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді. 

6. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеуі нәтижесінде құрылады. 

7. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

8. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді. 

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

10-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді. 

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

10-2. Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін активтердің құнын айқындау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сақтандыру холдингінен олардың құнын бағалаушыдан не бағалаушылар палатасы арқылы бағалауды жүргізуді талап етуге құқылы.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті актив пруденциялық нормативтердің келесі есебінен алынады. 

11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобына қатысушы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады. 

11-1. Осы баптың талаптары акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің жоқ екенін растайтын құжаттар болған жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды. 

12. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды) қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді. 

Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтерді белгілеуге құқылы. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.  

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдарын жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерін белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген активтерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті. 

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың оныншы бөлігінде көрсетілген шаралар жеткізіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептіліктегі және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады. 

Осы баптың 5, 6 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады. 

Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...44‑1 45 46 46‑1 47 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться