Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 69 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi

1. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін доғарады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясының төрағасына береді. 

1-1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган тағайындайды, олар: 

1) уәкілетті органның қызметкерлері; 

2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері; 

3) оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалуы мүмкін. 

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап: 

1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар арасынан тағайындалған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды жүзеге асыруды және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуді қоспағанда, оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес; 

2) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым жүргізетін, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асыру туралы соттардың шешімдерін қоспағанда, соттардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады; 

3) осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға, сондай-ақ "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша төлемдерге байланысты талаптарды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кредиторлардың талаптары тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін; 

4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне және сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді; 

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады; 

6) басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі. 

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сот уәкілетті органды және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларға осындай шешімнің көшірмесін жібереді. 

3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады. 

3-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды. 

3-3. Соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады. 

4. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айырумен байланысты емес негіздер бойынша, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. 

5. Алып тасталды - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...67 68 69 69‑1 70 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться