Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 88 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

1. Сақтандыру омбудсманы ретінде сайлау үшін: 

1) жоғары заң білімі бар; 

2) мінсіз іскерлік беделі бар; 

3) сақтандыру саласында бес жылдан астам жұмыс өтілі бар; 

4) бұрын уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.  

Сот Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын адам сақтандыру омбудсманы болуға ұсынылмайды. 

2. Сақтандыру омбудсманы қаржы ұйымдарында лауазымдардың кез келгенін атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес. 

Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...86 87 88 89 90 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться