Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
11-бап. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының отандық өндiрушiлерге ықпалын анықтау



Ст. 11 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының отандық өндiрушiлерге ықпалын зерттеу уәкiлеттi органның iске қатысы бар отандық өндiрушiлердiң жай-күйiне ықпал жасайтын барлық экономикалық факторлар мен көрсеткiштердi, оның iшiнде:

өнiм шығарудың нақты және ықтимал қысқаруын, сатылуын, рыноктағы үлесiн, пайданың, өнiмдiлiктiң, инвестициялардан түсетiн кiрiстердiң, қуаттардың пайдалануын;

Қазақстан Республикасында ұқсас тауарлар бағасының қалыптасуына ықпал ететiн факторларды, ақша ағысының қозғалысына, тауар қорларына, жұмыспен қамтылуға, жалақыға, өндiрiстiң өсу қарқынына, инвестициялар тарту мүмкiндiгiне нақты немесе ықтимал терiс ықпал етудi қамтиды. 2. Егер қолда бар деректер өндiрiс процесi, өнiмдi өндiрушiлерге тиеп-жөнелту және пайда сияқты өлшемдер негiзiнде белгiлi бiр өндiрiстi бөлiп көрсетуге мүмкiндiк берсе, шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының ықпалы ұқсас тауардың отандық өндiрiсiне қатынасы бойынша бағаланады. Егер белгiлi бiр өндiрiстi бұлайша бөлiп көрсету мүмкiн болмаса, шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының ықпалы тауарлардың сол сияқты тауарды қамтитын, ол бойынша қажеттi ақпарат алуға болатын, мүмкiндiгiнше неғұрлым шағын номенклатурасын өндiрудi зерделеу негiзiнде бағаланады.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Субсидиялар және өтем шаралары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы